“Қарттарым - асыл қазынам” атты мерекелік іс-шара өтті
Город · 2 октября 2026

“Қарттарым - асыл қазынам” атты мерекелік іс-шара өтті

«ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ»

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Шымкент қаласындағы Жеңіс саябағының «Ерлік» бөлімінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті.

Жиын барысында алғашқы сөз «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ Шымкент қалалық филиалының төрағасы, Шымкент қаласының ішкі істер жөніндегі департаментінің қызметкері, Шымкент қаласының Құрметті азаматы, Шымкент қаласының Ардагерлер қоғамының төрағасы, отставкадағы полковник Онбаев Серікбай Мейірбайұлына берілді.

Сонымен қатар іс-шарада Сартбаев Абдрахман, Нұрманов Полатбек Эскарұлы, Жолдасбекұлы Шаяхмет, Алсейтов Өмірхан Сайрамбайұлы, Наханов Ниязбек Нұрмахамбетұлы сөз сөйлеп, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Мерекелік бағдарлама барысында әндер орындалып, аға буын өкілдеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Іс-шара соңында қорытынды сөз айтылып, марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсіміне Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» РҚБ Шымкент қалалық филиалының төрағасы Оспанова Гүлмира Болатқызы қатысты.

Мерекелік ән тарту: Тәшенов жастар Ассамблеясының ұйымдастырушысы Әбдіманат Аяулымның орындауында ән шырқалды.

Аталған тағылымды шараға Жастар ресурстық орталығының мамандары қолдау көрсету мақсатында арнайы қатысып, аға буын өкілдеріне құрметтерін білдірді.

Қарттар – елдің өткенін бүгінмен жалғап, кейінгі ұрпаққа өнегелі жол көрсетіп келе жатқан асыл қазына. Олардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесі – жастар үшін баға жетпес мұра.

Қариясын қадірлеген елдің мерейі үстем!

1 просмотров

Похожие новости