Город · 2 октября 2026
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
ШЫМКЕНТТЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Шымкентте 2 қазан – Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күніне орай Жастар ресурстық орталығының ғимаратында «КӘСІБИ БІЛІМ – КЕМЕЛ БОЛАШАҚ» атты салтанатты іс-шара өтті.
Жиынға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, өндірістік оқыту шеберлері, сала ардагерлері, студенттер және әлеуметтік серіктестер қатысты.
Іс-шара барысында колледждердің жетістіктері таныстырылған көрме ұйымдастырылып, сала қызметкерлері марапатталды. Сонымен қатар білім саласының өкілдері мен сала ардагерлері ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады.
Шарада Шымкент қаласы колледж студенттерінің халықаралық жетістіктері де атап өтілді. WorldSkills Shanghai – 2026 халықаралық чемпионатында «Сантехника және жылыту» құзыреттілігі бойынша Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің түлегі Нодирбек Рустамханов медаль иеленсе, «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің студенті Қанан Ғазиза Айдарханқызы ел намысын қорғады.
Мерекелік шара Шымкент Саз колледжінің шығармашылық ұжымдары ұсынған концерттік бағдарламамен жалғасты.