Город · 16 октября 2026
ЖАЙДАРМАННЫҢ ЖАҢА ФОРМАТЫ – «COMEDY DRAFT» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ!
Жайдарман ойындарының жаңа форматы – «Comedy Drive» жобасы көрерменге жол тартты. Жобаның басты ерекшелігі – командалар қазылар алқасы құрамынан өздеріне ментор таңдап, алдағы ойындарда сол менторлармен бірге өнер көрсетеді.
Жобаның алғашқы ойынына республиканың түрлі қалаларынан келген жайдарман командалары қатысып, өзара бақ сынады.
Алғашқы ойынға төрелік еткендер қатарында Шымкенттегі «Жайдарман» қозғалысының өкілі Тағай Нұралиев, «Сырдария» командасының капитаны Марат Сәрсенбаев, «Азартник» сериалының актері Ғани Беркінбай, «АЭСА» командасының капитаны, Жайдарманның үздік ойыншысы Мейрамхан Шалқыбеков және «Миллион» командасының мүшесі Ерболат Заркумов болды.
«Comedy Drive» – әзіл мен шығармашылықты ұштастырып, командалардың жаңа қырын ашуға мүмкіндік беретін тың жоба. Алдағы ойындарда қатысушылар мен олардың менторларын қызықты кездесулер күтіп тұр!