Город · 14 октября 2026

ЖАСТАР ӨНДІРІС ОРНЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар «Тактум Инжиниринг» газоблок және шифер өндіретін өндіріс орнына барып, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты.

Экскурсия барысында қатысушылар өндіріс процесін көзбен көріп, өнімдердің дайындалу кезеңдері туралы ақпарат алды. Сонымен қатар еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен өндіріс саласындағы жұмыс мүмкіндіктері жөнінде мәліметтер берілді.

Кездесудің басты мақсаты – жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру, еңбекке деген қызығушылығын арттыру және өндірістік мамандықтардың маңыздылығын түсіндіру.

7 просмотров

Похожие новости