РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ
Қала · 27 қазан 2026

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ СӘТТІ АЯҚТАЛДЫ

25 қазан – Республика күніне орай Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткен «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті.

Екі күнге созылған турнирге еліміздің 7 өңірінен жүзден астам пікірсайысшы қатысып, қазақ және орыс лигаларында бақ сынасты. Екінші күні іріктеу кезеңінен өткен командалар АПФ және ЛД форматтарында пікірталас жүргізіп, өзара мықтыны анықтады.

Қазақ лигасы бойынша жеңімпаздар:

🥇 I орын – «СС» фракциясы (Алматы)
Думан Әсембек, Уәлихан Серікбаев

🥈 II орын – «Долина Волков» фракциясы (Түркістан)
Мейірбек Әбілқан, Әсет Ахмедов

🥉 III орын – «Тоқаев үкіметі» фракциясы (Шымкент)
Нұрай Серікқызы, Ерасыл Аймахан

Арнайы номинациялар:
• «Үздік талпыныс» (IV орын) – «Қайтейін» фракциясы (Шымкент), Жеңіс Құнанбек
• «Үздік төреші» – Асылхан Қалдарбек (Шымкент)
• «Үздік спикер» – Бақдәулет Сейсенбай (Алматы)

Орыс лигасы бойынша жеңімпаздар:

🥇 I орын – «Старики-разбойники» фракциясы (Шымкент)
Денис Умнов, Денис Потаренко

🥈 II орын – «Реквием зеро» фракциясы (Шымкент)
Таймия Абдурахман, Муххамед Дуринетов

🥉 III орын – «Династия» фракциясы (Шымкент)
Александр Гладков, Муххамед Дуринетов

Арнайы номинациялар:
• «Үздік талпыныс» – «Turbo» командасы (Шымкент), Толғанай Жұмахан, Айзере Оспанхан
• «Үздік төреші» – Мерей Нарботаева (Шымкент)
• «Үздік спикер» – Денис Умнов (Шымкент)

Марапаттау рәсіміне «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман қатысып, жеңімпаздар мен қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табыстады.

Турнир жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, шешендік өнерін шыңдауға және пікірсайыс мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз!

33 қаралым

Ұқсас жаңалықтар