РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ
Спорт · 23 қазан 2026

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

25 қазан – Республика күніне орай Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитеттері арасында волейбол турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты – жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және оқу орындары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.

Жарыс барысында қатысушылар командалық үйлесімділік пен спорттық шеберліктерін көрсетіп, жеңіске деген жігерлерін танытты.

🏆 ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ:

🥇 І орын — Түркістан индустриалды-құрылыс колледжі
🥈 ІІ орын — М. Сапарбаев атындағы «Парасат» колледжі
🥉 ІІІ орын — Шымкент аграрлық-техникалық колледжі

16 қаралым

Ұқсас жаңалықтар