Қала · 14 қазан 2026
САРБАЗДАРДЫ ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ШЫҒАРЫП САЛУ РӘСІМІ ӨТТІ
Абай саябағы аумағындағы «Мәңгілік алау» мемориалдық кешенінде азаматтарды әскери қызметке шығарып салу рәсімі өтті.
Іс-шара Шымкент қаласы әкімдігі мен Шымкент қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен өтті.
Жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов, Шымкент қаласы Қарулы Күштері ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Онбаев және «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Жансерік Жұман қатысты.
Іс-шара барысында жас сарбаздарға Отан алдындағы әскери борышын абыроймен атқарып, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолында жауапкершілік таныту жөнінде ақ тілектер айтылды.
Әскери қызмет – жас ұрпаққа отансүйгіштік пен жауапкершілікті қалыптастыратын маңызды кезең. Жас сарбаздарға сапарлары сәтті болып, Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып, аман-есен елге оралуына тілектестік білдірілді.